Астана, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша 2019 жылы әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сату үшін бөлетін болады. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады.
БАРЛЫҒЫ ҚР бойынша |
3 355 пәтер |
Ақмола облысы |
0 |
Ақтөбе облысы |
605 |
Алматы облысы |
0 |
Атырау облысы |
0 |
ШҚО |
0 |
Жамбыл облысы |
278 |
БҚО |
396 |
Қарағандыоблысы |
0 |
Қостанай облысы |
252 |
Қызылорда облысы |
120 |
Манғыстау облысы |
370 |
Павлодар облысы |
71 |
СҚО |
411 |
Түркістан облысы |
336 |
Шымкент қ. |
1 282 |
Алматы қ. |
0 |
Астана қ. |
0 |
Осыдан бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінгенін еске саламыз. Алайда, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында негізінде 1-2-3 бөлмелі пәтерлер салынады
Пәтерді әкімдіктер арқылы сатып алу жағдайында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемдердің болжамды есебін ұсынамыз.
Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы пәтерлер |
Ай сайынғы төлем, тг. (қарыз мерзімі 25жыл болған кезде) |
1-бөлмелі (37 ш.м жоғары) |
37 317 |
2-бөлмелі (50 ш.м жоғары) |
50 888 |
3-бөлмелі (65 ш.м жоғары) |
66 154 |
Қалған өңірлердегі пәтерлер |
Ай сайынғы төлем, тг. (қарыз мерзімі 25жыл болған кезде) |
1- бөлмелі (37 ш.м жоғары) |
29 400 |
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) |
39 579 |
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) |
51 453 |