Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 шілдеде елордалық ЖОО-да білім гранттарын орналастыру бойынша конкурс басталады, деп жазды қала әкімдігінің сайты.
Астана әкімдігі 2019 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жоғары оқу орындарына келесі құжаттарды тапсыру қажет.Құжаттар қатарында ЖОО-ның өтінімі, ЖОО сауалнамасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар, жоғары оқу орнының ақпараттық картасы болуы тиіс.
Комиссия мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімді қарамайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 22-26 шілде аралығында қоса алғандағы мерзімде Бейбітшілік көшесіндегі 11 ғимаратта орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына тапсыру қажет.