Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауа райының қолдайсыздығынан 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бүгінгі таңғы 09.00 шамасында Қарағанды трассасы бойындағы "Кенмарт" гипермаркеті мен май құю бекеті арасында 1972 жылғы жүргізуші тізгіндеген №80 бағыттағы автобус жол жүру бағытынан шығып кетті, - делінген хабарламада.
Автобуста 9 жолаушы болған. Жапа шеккендер жоқ. Патрульдік полицияның үш экипажы барлық жолаушыларды "Встреча" дүкенінің жанындағы жылы аялдамаға жеткізді. Бірнеше минуттан кейін оқиға болған жерде жедел жәрдем кілт тоқтап, оған №29 бағыттағы автобус келіп соғылады. Жапа шеккендер жоқ.