Нұр-Сұлтанда Индонезия кинофестивалі өтіп жатыр

7 Желтоқсан 2019, 15:50
2190
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Индонезия кинофестивалі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда тұрғындары 2 желтоқсаннан бастап  Индонезия фильмдерін тегін тамашалауда.

Бүгін елордалық балалар ата-аналарымен бірге "Керуен" сауда орталығында Индонезияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған балалар комедиясын көруге жиналды. 

бас2.jpg

Кинофестиваль Нұр-Сұлтан тұрғындарының Индонезия мәдениетімен жақын таныстыру үшін ұйымдастырылып отыр.  Елордалықтар 5 күн Индонезияның үздік фильмдерін ағылшын және орыс тіліндегі субтитрмен тегін тамашалай алады.

Кішкентай көрермен Әлинұр фильмнен алған әсерімен бөлісті.
Маған бүгінгі фильм қатты ұнады. Себебі кейіпкер қыз өзінің хоббиі арқылы көзге түсті. Сондай-ақ ол анасымен бірге саяхатқа шықты. Қасына өзіне ұнай бермейтін бөлесін алып кетуге мәжбүр болғанда ашуланады. Бірақ анасы, өзі, бөлесі үшеуі қызық саяхат жасады. Мен де отбасыммен сондай саяхатқа шығуды жоспарласақ деген ой келді. Ата-анама айтып көремін, - деді Әлинұр Саматбек. 
бас1.jpg

Ертең - кинофестивалдің соңғы күні. Сағат 17.00-де "Керуен" сауда орталығында "Сұлтан Анунг" фильмін тегін тамашалауға болады.

Мына жерден Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Промоно мырзамен 17 мың аралы бар Индонезия туралы арнайы сұхбатты қарай аласыз.


Өзгелердің жаңалығы