Нұр-Сұлтанда экскурсиялық автобустар көрікті жерлерді тегін аралатады

29 Тамыз 2019, 02:39
1461
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда экскурсиялық автобустар көрікті жерлерді тегін аралатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция және Білім күнін мерекелеуге орай «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустар қаланың басты көрікті орындарына тегін экскурсияға жасайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

30, 31 тамыз және 1, 2 қыркүйек күндері экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).  Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

Автобустардың қозғалыс кестесі:

30 тамыз:  «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (орыс тілінде);
- сағ. 12.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 14.45 (орыс тілінде);
- сағ. 17.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 19.30 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

31 тамыз, 1-2 қыркүйек: «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (орыс тілінде);
- сағ. 12.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 14.45 (орыс тілінде);
- сағ. 17.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 19.30 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 13.00 (орыс тілінде);
- сағ. 15.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 17.45 (орыс тілінде);
- сағ. 20.00 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.


Өзгелердің жаңалығы