Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандары орнатылды

16 Қараша 2019, 13:20
3815
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандары орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада автокөліктерді қыс мезгілінде қыздыруға арналған электр станцияларын орнату бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл жоба Азия Даму Банкі (АДБ) есебінен қаржыландырылды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жобаны Азия Даму Банкімен бірлесе жүзеге асырды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұл инновациялық жобаның қоршаған ортаға жағымды әсер етіп, автокөлік иегерлерінің өмірін жеңілдететінін атап өтті.

649528869053aa13a33962d8c3552fb2.jpeg

Жобаның мақсаты-елорданың экологиялық ахуалын жақсарту. Бұл технология автокөлік иелеріне отын тұтыну мен көміртегі шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар автокөлікті жылыту үшін электр бағандарын қолдану уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай қондырғылар әрбір ауданда болады. Еуропа елдері осы технологияларды қолданып жатыр, бұл фин технологиялары, - деді қала әкімі А. Көлгінов.

Азия даму банкінің президенті Такехико Накао атап өткендей, технология 2 бөліктен тұрады: 1-ші бөлігі- электростанцияның өзі, 2 - ші бөлігі-көлікте орнатылатын құрылғы. Сол құрылғы арқылы көлік электр бағанына қосылады. Такехико Накао елорда әкімдігі мен Финляндия елшілігіне осы жобаны қолдағаны үшін алғысын білдірді.

66da3b695f932061e04708876f0a0efa.jpeg

Пилоттық жоба төменде көрсетілген тұрақ аймақтарында іске асырылады:

- "Нұрсая -2" тұрғын үй кешені (Мәңгілік Ел даңғ., 13),

- "Сарыарқа" ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13), - Есіл ауданының әкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33),

- "Toyota city" дилерлік компаниясы (Тұран даңғылы 76),

- Гете к-сі ("Нұр-сұлтан -1" Теміржол вокзалы ауданы»);

- Бейбітшілік 11 көшесі;

- "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ филиалының - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" (Шынтас бұрылысы 1а).



Өзгелердің жаңалығы