Нұр-Сұлтанда 146,7 млн теңгенің электробустары алынды

3 Қазан 2019, 12:08
2347
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 146,7 млн теңгенің электробустары алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа автобустар ескілерге қарағанда жанармайды үнемдейді және ұзақ уақытқа жарамдады. Жыл соңына дейін елордаға 50 автобус әкелінеді.

Бұл туралы  «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында айтты.
Айтуынша, автобустар «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы автобус паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынады.

«Елордаға 100 жаңа электр автобусы әкелінеді. Бұл арқылы автобус тапшылығын қысқартып, жылжымалы құрамды жайлы әрі шусыз автобустармен жаңартамыз. Автобустардың жүру интервалы қысқарады, яғни аялдамаларда автобустардың күту уақыты да қысқарады... Автобустар ұлттық лизинг операторы «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы автобус паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынады. Лизинг мерзімі жылдық 7% сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылды құрайды. Бұл Қазақстандағы лизингтік мәмілелер үшін ең төменгі мөлшерлеме. Айта кетерлігі, лизингтік қаржыландыру теңгемен жүргізіледі, бұл қазіргі жағдайда тұрақтылыққа кепілдік береді», - деді Игенбердинов. 

Сонымен қатар, жаңа технологиямен шығарылған автобус қазіргі автобус парктеріндегі дизельдік көлікпен салыстырғанда шамамен 80% отыр үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Астана LRT» ЖШС басшысының айтуынша осы жобаны іске асыру жергілікті бюджетке салық төлемдері есебінен ақшалай түсімдерді ұлғайтуға, оларды пайдалану кезінде де қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автобус парктеріне дизельдік аналогпен салыстырғанда шамамен 80% отын  үнемдеуге көмектеседі», - деді ол.

Енді жолаушыларды қытайлық бренд Yutong ZK6128BEVG автобустары тасымалдайды. Оның құны шамамен 147 млн теңгені құрап отыр. 

«Өнім берушіні таңдаудағы тағы бір маңызды фактор – ол конкурс жарияланған кезде, яғни 2019 жылғы 28 маусымда, отандық тауар өндіруші болуы тиіс, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС компаниясы барлық қажетті талаптарға сай болды, оның Yutong ZK6128BEVG электробусының 1 бірлігінің құны 146 712 333 теңге, бұл бүгінгі күнгі бағам бойынша шамамен 388 мың АҚШ долларын құрайды. Айта кету керек, электробустарды өндіру кезінде жергіліктендіру деңгейі 27-32%  құрайды, зауыт электрқозғалтқышты, аспалы бөліктерді, салонның бөлшектерін өзі өндіреді», - деді басқарма төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы