«Нұр-Сұлтан-Токио» әуе рейсіне билеттер сатылуда

26 Маусым 2019, 11:48
1893
Бөлісу:
«Нұр-Сұлтан-Токио» әуе рейсіне билеттер сатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан - Токио бағыты бойынша әуе билеттерінің сатылымы басталады, деп xабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. 

«ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасын орындау мақсатындаАзаматтық авиация комитеті «Нұр-Сұлтан-Токио-Нұр-Сұлтан» бағытында тікелей тұрақты жолаушылар рейсін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2019 жылдың 6 шілдесінен бастап осы бағыт бойынша ұшуларды SCAT әуе компаниясы орындайды. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайынан алғашқы рейс 6 шілде 22:00-де ұшып, Нарита әуежайына (Токио) 7 шілде 08:30-да қонады. Токиодан сол күні 21:00-де қайта ұшып, Нұр-Сұлтанға жергілікті уақытпен 8 шілде 02:30-да келіп қонады. Шілдеден рейстер - аптасына бір рет, ал тамыз айынан бастап аптасына екі рет қатынамақ», - деп xабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен. 

Ведомствоның ақпараты бойынша, «Нұр-Сұлтан-Токио-Нұр-Сұлтан» рейсінің жолаушыларын «Боинг 767» әуе кемесі тасымалдайтын болады. 

«Бүгін осы бағыт бойынша әуе билеттері ресми түрде сатылымға шығарылады. Ұшып бару және қайту билеттерінің құны 200 000 теңгені құраса, тек бір бағытқа әуе билетінің бағасы 170 000 теңге болады. Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей әуе бағытының ашылуы екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, туризмді дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті комитеттен.

Өзгелердің жаңалығы