Нұр-Сұлтан мен Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 10 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 2 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді. Бұл туралы&nbsp; «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.&nbsp;</h4>

 10 Тамыз 2019 2019, 08:13
10 Тамыз 2019 2019, 08:13
1837

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 10 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 2 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан мен Теміртауда қалыптасып, ауа ластанады деген болжам бар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Наверх