Нұр-Сұлтан мен Алматы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасады

4 Қыркүйек 2019, 19:51
1567
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Алматы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақтың «БізАлматы» жобасының конференциясы аясында 12 қыркүйекте Astana International Campus алаңында «Қала тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан  қалаларының тәжірибе алмасуы» атты конференция өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Іс-шараға билік және бизнес органдарының өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғам белсенділері мен әлеуметтік кәсіпкерлер қатысады. Конференция барысында қатысушылар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында табысты жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы және қала тұрғындарын Ұлыбритания қалаларын дамытуға тарту принциптері туралы біледі. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының нақты проблемалық кейстерімен жұмыс жасап, өздерінің тәжірибелік ұсыныстарын жасайды", - делінген таратылған ақпаратта.

Конференция Британ Кеңесі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Алматы қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ортаны регенерациялау басқармасы iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен іске асырылатын «БізАлматы» жобасы аясында ұйымдастырады.
Өзгелердің жаңалығы