Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қыстан кейінгі санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада көктемгі көшеттер мен гүлдер отырғызу басталды. Оған коммуналдық сала қызметкерлері қатысты. Бүгін 500-ден астам ағаш отырғызылды.Ландшафтық дизайн жоспарына сәйкес, көктемгі егу жұмысына арнайы учаскелер қарастырылған. Бұл негізінен жапырақты және қылқан жапырақты тұқымдар. Бүгінде коммуналдық кәсіпорын ағаш отырғызуға кірісті: кең жапырақты, жөке, қайың, шырша, қарағай. Сондай-ақ бөртегүл тұқымдары жақсы жерсінеді әрі ерекше көрік береді. Біз бұл жұмысты өзен бойына жүргізуді жоспарладық, – деді әкімнің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.
Айта кетейік, биыл қаланың төрт ауданында 30 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
Қайсағалиевтің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында 6 млн-нан астам гүл отырғызылады.
"Астана-Зеленстрой" ЖШС-де 6 жылдан бері еңбек етудемін. Көктемде біз сенбіліктер өткіземіз. Бүгін мұнда біз жаңа өсімдіктер отырғызамыз. Бұл кең жапырақты тоқымаларға 13 жыл болған. Оларды витаминдермен тыңайтып, қадағалап отырамыз. Сондай-ақ, біз көгалдарды бояу бойынша жұмыс жүргізудеміз. Жалпы, біздің кәсіпорын елорданы көгалдандыруға үлкен үлес қосуда, - дейді коммуналдық сала қызметкері Нұрислам Әнуарбек.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, мұндай іс-шаралар қажет және бұқаралық сипатқа ие болады. Төтенше жағдай режимі аяқталған соң барлық қала тұрғындары көгалдандыруға өз үлесін қоса алады.