Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев facebook-гі парақшасында жазды.
"Jas Otan" волонтерларының мұқтаж азаматтарға азық-түлік жеткізуі карантинге байланысты тоқтатылғанымен, партияның жауапты қызметкерлерінің әкімдіктермен бірлескен көмек шаралары жалғасуда, - деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол көмек нағыз мұқтаж, жалғызбасты қариялар мен өздігінен сыртқа шыға алмайтын, яғни мобильді емес тұрғындарға беріліп жатқанын жеткізді
Бүгін астанамыздың осы санаттағы 183 тұрғынына ыстық тамақ үлестірілді. Қариялар батасын беріп жатыр. Бұл жұмыс Nomad MMA Федерациясымен бірге жалғасатын болады. Күні кеше "Birgemiz" Қоры 23 қаланың 152 мыңнан астам тұрғынына банктер арқылы 50 мыңнан үлестіру бойынша шешім қабылдады. Осының барлығы жанашыр азаматтардың арқасы. Жанашырларға мың алғыс! Жаратқан елімізге жар болсын, - деп жазды Қырықбаев.