Астана, BAQ.KZ. Астанада "Нұр Отанның" съезі кезінде партияның саяси кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Саяси кеңес құрамында елімізге танымал 100 мүше бар.
"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесіне елдің бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, сенат депутаты Дариға Назарбаева, жүзу спортынан Рио паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллин, сенат депутаты Сергей Громов, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов және тағы басқалар енді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Нұр Отан" партиясының 18-съезі өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев съезде көп балалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды. Ол үкіметке 2-3 пайыздық ипотека бағдарламасын жасауды тапсырды.
Саяси кеңес мүшелерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.