Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясында арнайы сөз сөйлейді.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясында "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлейді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:15-те басталады. Президенттің сөйлеген сөзін осы сілтеме арқылы көруге болады - деді Берік Уәли.
Оқи отырыңыз: