Мысырлық ұшақ Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды

6 Шілде 2023, 17:13
551
Бөлісу:
Мысырлық ұшақ Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды

Мысырлық ұшақ бортында өрт тұтану қаупіне байланысты Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті бүгін таңғы 4 сағат 32 минутта Египеттің Red Sea әуе компаниясының Боинг 737 ұшағы Шарм-Эль-Шейх-Астана бағытында ұшып бара жатып, Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болғандығын хабарлады.

Экипаж мүшелері ұшақ бортында өрт тұтануы мүмкін деген қауіппен Ақтөбе әуежайына қону қажет деген шешім қабылдаған. Ұшақтың 184 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесін Ақтөбе әуежайында апаттан құтқару командасы мен медицина мамандары күтіп алды. Экипаж мүшелері бортта өрт болмағанын айтты. Жолаушылар денсаулық жағдайына шағымданған жоқ, - деп мәлім етті Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы