Балқаштың мыс балқыту зауыты тексеріліп жатыр

17 Қыркүйек 2020, 23:23
3032
Бөлісу:
Балқаштың мыс балқыту зауыты тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Балқаштың мыс балқыту зауытын тексеруді бастады. Инспекторлар экоревизияны 10 күн өткізеді. Мыс балқыту және Конвертерлік цехтардың технологиялық жабдықтарын тексереді. 

Анод пештерінде, екі түтін құбырында, санитарлық аймақтың шекараларында экологтар өлшеу құралдарын орнатты. Аппараттар бейорганикалық шаң, күкірт диоксиді, азот, азот оксиді және көміртегі бойынша шекті нормалардан асып түседі.

Кеше мамандар жағдаймен танысып, қаладағы газданудың бірнеше себебін алдын ала белгіледі:

- 9 қыркүйектен бастап күкіртті газдан күкірт қышқылын өндіретін күкірт қышқылы цехы жоспарлы жөндеуге тоқтады;

- "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, соңғы уақытта қолайсыз ауа райы жағдайлары - жел бағыты салдарынан газ қалаға жіберіледі;

- тазарту құрылыстарында газды ұстау процесі бұзылған. Мұның дәлелі - көк бұлт деп аталатын төменгі газдардың пайда болуы.

- Егер елеулі бұзушылықтар, нормативтік көрсеткіштердің артуы анықталса, тиісті шаралар, оның ішінде ұйым басшылығына әкімшілік ықпал ету шаралары міндетті түрде қабылданатын болады, - деп атап өтті Қарағанды облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Дамир Ромаев. - Күкірт қышқылы цехы тоқтаған кезде кәсіпорын өндірісті 40%-ға төмендетуі керек. Біз оны тексереміз.

Экоинспектор сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Балқашта шаңның шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,8 есе, қалқыма заттар - 6,6 есе, күкірт диоксиді - 4,8 есе асып кеткенін хабарлады.

Енді экологтардың өздері қажетті өлшеулерді жүргізеді.

Одан әрі Департамент өкілі Балқаштағы экологиялық жағдайды бақылауды жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы