Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3300-ден асты

5 Сәуір 2025, 19:04
1800
Бөлісу:
 Анадолы
Фото: Анадолы

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3354-ке жетті. Ал 4800-ден астам адам жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Myanmar Now веб-сайтының хабарлауынша, жер сілкінісі қаланың тарихи бөлігін, соның ішінде пагодаларды (буддисттік, индуизмді немесе даостық діни ғимараттар) және діни ғимараттарды қатты зақымдаған.

Қазіргі дерекке сенсек, 200-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы DPA агенттігі 5 сәуірде мәлімдеді. Ел марқұмдарды аза тұтып жатыр. Аза тұту мерзімі бір аптаға белгіленген.

Жер сілкінісінен кейін бір апта өтті, ғимарат үйінділерінің астында қалғандарды тірідей табуға үміт жоқ, - деп жазады AFP агенттігі.

Сонымен қатар, ыстық ауа-райы да құтқару жұмыстарын бөгеп тұр. Күн 40 градусқа дейін ысыған.

Өзгелердің жаңалығы