Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мьянмада тағы бір жер сілкінісі болды

29 Наурыз 2025, 18:31
3717
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Мьянмада кезекті жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы оның магнитудасы 5,1 балды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Зілзала ошағы – ел астанасы Нейпьидодан 19 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 км, Ақпаратты Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жариялады.

Қазіргі таңда жаңа құрбандар мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Алайда ел әлі 28 наурызда болған 7,7 магнитудалы күшті жер сілкінісінің зардаптарынан айықпаған. Сол кезде мыңнан астам адам қаза тауып, Мьянмадан бөлек Таиланд пен Қытай аумақтарында да жерасты дүмпулері сезілген. Бангкокта бірнеше ғимарат қираған.

Өзгелердің жаңалығы