«Мың алғыс». Қайырымдылықтан қалыс қалма

13 Ақпан 2019, 10:33
4610
Бөлісу:
«Мың алғыс». Қайырымдылықтан қалыс қалма

Астана, BAQ.KZ. Астанада 11-28 ақпан аралығында «Мың алғыс» атты қайырымдылық шарасы өтеді. Шараның басты ұйымдастырушысы «QAZAQ RADIOLARY» бүгінде «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!» радио-видеомарафонын бастап кетті.

Оған еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары және меценаттар шақырылып, адамның бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі- қайырымдылық туралы ойлары мен тілектерін «SHALQAR», «ASTANA», «CLASSIC» және «QAZAQ RADIOSY» радиоларының эфирлерінде ортаға салады. Қазақ радиосындағы: «Заңгер кеңесі», «Денсаулық», «Бірінші байлық», «Бармысың, бауырым?», «Кәсіп-нәсіп» хабарлары осы шара аясында әр сала бойынша арнайы мамандарды студияға шақырып, қайырымдылық тақырыбында пікірлерімен бөліседі.

Шараның басты мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру, қайырымдылық көрсетіп жүрген жомарт жандарды көпке үлгі ету. Сондай-ақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін еске салып, осы игі істің маңызы зор екенін жеткізу.

Дәстүрге айналған қайырымдылық жобасы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге ұйымдастырылып отыр. Бүгінде алғашқылардың бірі болып, шарапаты мол шараға «QAZAQ RADIOLARY» ұжымы бір күндік еңбекақыларын аударып үлгерді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап, осы уақытқа дейін аталмыш шара аясында мұқтаж жандарға 56 000 000 тг қаражат көлемінде көмек көрсетілді.

Биыл да арнайы құрылған қорға жиналған қаражат 1 наурыз күні «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Мың алғыс» қайырымдылық концертінде табысталатын болады.

Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның азаматтық парызы. Сондықтан, барлықтарыңызды осы игі іске атсалысуға шақырамыз.

Қол ұшын созып, қаржылай қолдау көрсеткісі келетін азаматтарға «Уақып» Қазақстандық қорының» есеп-шоты ашық деп жариялаймыз.
«УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры»

Заңды мекен-жайы: 010000,                                                                                 Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 28 үй, офис 5,    

БСН: 170740000147

ИИК: KZ 136010111000051511 ( KZT)

БИК: HSBKKZKX

ЖСН: 620500086324

 

Банк: «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ

Президент : Азимов Кайрат Муратович

Өзгелердің жаңалығы