Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды

22 Желтоқсан 2024, 14:44
584
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«МҰЗ-2024» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қалалық ТЖД «МҰЗ-2024» республикалық акциясы аясында қала аумағында профилактикалық 110 рейд жүргізіп, 11540 ақпараттық парақша таратты және 15 қауіпсіздік белгісі орнатты.

Іс-шаралар барысында су айдындарындағы, әсіресе балық аулау кезіндегі және жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген ТЖМ мәліметінде. .

ТЖМ жұқа мұз үстінде жүру өміріңізге қауіпті болуы мүмкін екендігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы