Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлия Мұстафина Президент Архиві директоры лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымынан босатылды.