Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған министр Бағдат Мусинге ұзақ уақыт қарап, таңқалған бейнесі таралған еді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сол жайтқа қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған қатысты бірнеше рет пікірімді айттым. Айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Жай ғана, келісім кезінде Түркия Президенті менің қызметім мен жасымның нешеде екенін сұрады. Әрине, менің жасым оны таңқалдырды. Міне, осындай түрік тілінде шағын ғана диалог болды, - деді Бағдат Мусин.
Журналистер министрден осы жолғы АӨСШК саммитінде Ердоғанмен араларыңызда мұндай әңгіме болуы мүмкін бе? деп сұрады.
Әрине, саламызға қатысты сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын. Ал басқа да әңгіме созғым келмейді, тек нақты жұмыстармен сөйлесеміз, - деді Цифрлық даму министрі.
Еске сала кетейік, биыл жазда қазақ-түрік басшыларының кездесуінде Түркия презденті Режеп Тайып Ердоған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездескен кезде оның келбетіне таң қалып, Мусиннің жасын сұраған. Министр Мусин оған түрік тілінде жауап берді.