Мұса Әбдірайымға “Ерлігі үшін” медалі табысталды

8 Наурыз 2025, 11:40
728
Бөлісу:
Мұса Әбдірайымға “Ерлігі үшін” медалі табысталды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мұса Әбдірайымды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев “Ерлігі үшін” медалімен марапаттады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілген марапатпен қоса ақшалай сыйақы табысталды.

Айта кетейік, 52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алған еді. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!, - деді Мұса Әбдірайым.

Өзгелердің жаңалығы