Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында "Қазпошта" АҚ ұжымымен кездесіп, алдағы референдумды талқылады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенатор кездесуге қатысушыларды осындай жауапты кезеңде еліміз Президентінің жаңа Қазақстанды бірге құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Менің ойымша, адамдардың еліміздің болашағы мен келешек жолды таңдауға қатысуы ерекше болатыны даусыз. Өйткені, бұл Конституцияға өзгерістер енгізудің тамаша мүмкіндігі болып отыр. Бұл әр елде бола бермейді. Референдум әрбір қазақстандыққа өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің негізгі құқықтық құжатын халық қабылдайды. Міне, оның маңызы осында. Халық өз болашағын дауыс беру арқылы шешеді, - деді сенатор.
Кеңесте Президенттің бастамасы елдегі жаңа саяси реформаларды жүзеге асырудың, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдірудің тиімді тәсілі болып табылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды.