Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды

1 Желтоқсан 2022, 10:44
1055
Бөлісу:
Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Қазіргі лауазымы: Шымкент қаласының әкімі 

Туған жылы: 1981 жылы 30 қазан

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

Білімі: 2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

2020 жылдан бері Шымкент қаласының әкімі

Өзгелердің жаңалығы