Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мұқтаж жандарға тиесілі 10 пәтерді заңсыз иеленгендер анықталды

6 Қаңтар 2026, 18:32
576
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Тараз қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, нарықтық құны 100 млн теңгеден асатын 10 пәтерді азаматтардың заңсыз иеленгенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мысалы, қала прокурорының бастамасымен апелляциялық сатылы сот бірінші сатылы соттың актісін бұзып, құны 15 млн теңге құрайтын екі бөлмелі пәтерді мемлекетке қайтару туралы қаулы шығарды.

Анықталғаны, азамат аталған пәтерді қала тұрғынынан қолхатпен алған, кейіннен, пәтерді заң жүзінде иеленгенің алға тартып, сотқа пәтерге меншік құқығын тану туралы талап қоюмен жүгінген. Бірінші сатылы сот талап қоюды қанағаттандырған.

Алайда, апелляциялық сатыда талапкердің пәтерді сатып алғанын және онда 7 жыл бойы үздіксіз тұрғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны анықталды.

Бұдан бөлек, прокуратурамен қала әкімдігіне иесіз объектілерге қатысты шара қабылдау үшін қадағалау актісі енгізілді.

Нәтижесімен қала әкімдігінің нарықтық құны 30 млн теңгені құрайтын 3 мүлік (2 пәтер, 1 үй жер учаскесімен) иесіз және коммуналдық меншік құқығын тану туралы талап қоюы сотпен қанағаттандырылды, 3 пәтер бойынша талап қоюлар сотта қаралуда.

Сонымен қатар, тіркеу органымен 3 пәтер иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Атап өту қажет, 2025 жылдың сәуір айында қала прокуратурасымен мемлекет меншігіне 10 пәтер қайтарылды.

Бүгінгі таңда көрсетілген пәтерлер, тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға берілді.

Өзгелердің жаңалығы