Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мұқтаж жандарға берілетін көмек енді "әлеуметтік әмиянға" көшеді

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік көмектің бәрін бір жүйе арқылы беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаев әлеуметтік саланы цифрландыру мәселесі өте маңызды екенін атап өтті.

Былтыр республикалық бюджеттің 40 пайызға жуығы осы салаға бөлінді. Бірақ бұл қаражат қаншалықты тиімді жұмсалды деген орынды сұрақ туындайды. Сондықтан Үкімет үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруға тиіс. Сонда әлеуметтік көмек те 
шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға беріледі, - деді Мемлекет басшысы.

Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға берілетін ваучерлерге дейінгі қолдаудың барлық түрі банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуге тиіс, - деп Тоқаев баса назар аударды.

Президент атап өткендей, Үкімет әкімдіктермен бірге осы тәжірибені барлық жерде кеңінен қолдануы керек. Сондай-ақ бұл тәсілді жыл соңына дейін тездетіп іске қосуы қажет.

Менің байқауымша, Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Тіпті оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды. EGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін (ассистентін) әзірлеу керек. Барлық азаматқа қолжетімді болатын осы жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басады. Әлеуметтік қолдау шараларын басқаратын инфрақұрылымды, яғни Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын нақты айқындап алу қажет, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы