Мұқаев: Адам алдымен өз ақшасын есептеуді үйренуі керек

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қаржылық сауат пен қарызсыз қоғам жобасының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 17:21
Бүгiн 2026, 17:21
91
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қаржылық сауат пен қарызсыз қоғам жобасының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың пікірінше, қаржылық сауатты арттырудың алғашқы қадамы – адамның өз ақшасын санауды үйренуі.

Біреудің ақшасын санамай, бірінші кезекте өз ақшасына есеп беру керек. Мейлі ол 100 мың, мейлі 200 мың теңге болсын, адам өз қаражатын қалай жұмсайтынын ойлауы тиіс. Артық шығындарды азайту, қосымша табу жолдарын қарастыру сол кезде ғана мүмкін болады, – деді ол.

Сонымен қатар, Дәулет Мұқаев «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жүргізіліп жатқан онлайн сабақтарға тоқталды. Қазіргі таңда жобасының сайты арқылы кез келген қазақстандық тегін сабақтарға қатыса алады. Жобаны іске қосқаннан бері шамамен 250 мың адам сабақтарға қатысып, қаржылық сауаттарын арттырған.

Депутат сондай-ақ жобаның нақты әсеріне тоқталды. Қарыздан арылуға көмектескен азаматтардың шоттары бұғаттан шығарылып, кейбірі қуаныштан көз жасына ерік бергенін атап өтті.

Шотынан бүкіл айлығын алып, кредитке қалған адамдардың қаржысын қайтару мүмкіндігі туындады. Мұндай сәттер – жобаның нақты нәтижесі, – деді ол.

Наверх