Мұнайшыларды ереуілге мәжбүрлеп жүрген кімдер

24 Ақпан 2024, 12:05
756
Бөлісу:
Мұнайшыларды ереуілге мәжбүрлеп жүрген кімдер
Фото: yandex.kz

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындардың қызметкерлерін алдау және зорлық-зомбылық қаупімен ереуілдерге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат таратылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мұндай жағдай “West Oil Software” ЖШС ұжымында орын алуда, сот қызметкерлердің ереуілін заңсыз деп таныған.

Жалпы саны 100-ден астам адамға жеткен “West Oil Software” ЖШС-нің жекелеген жұмысшылары заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті. Алайда, олар ереуіл белсенділерінің тарапынан қысым көруде. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Аталған дерек бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі, - деп жазды Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда облыстық полиция департаменті заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыру фактілері бойынша ҚК-нің 402-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Оларға қатысы бар адамдардың көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттеріне құқықтық баға осы қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде берілетін болады. Азаматтарды зорлық-зомбылық, қысым және алдау қаупі фактілері бойынша ішкі істер органдарына жүгінуге және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз, - деді Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, бұл тақырыпта бұған дейін де жазған болатынбыз. Ашық дереккөздерде «Westoil Software» ЖШС-да істейтін көлік жүргізушілерінің орташа жалақы мөлшері 750 мың теңге екені хабарланған.

Сондай-ақ «Westoil Software» басшылығы бірнеше күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, ереуілге шыққан қызметкерлердің әрекетінен компания 900 000 000 теңге шығынға батқанын айтып, қызметшілеріне 24 ақпанға дейін жұмысқа шықпаса, арадағы еңбек келісімшартын үзіп, орнына жұмыссыз жүрген Қарақия мен Маңғыстау облысындағы басқа аудандардың тұрғындарын алу жайлы талап қойған.

Өзгелердің жаңалығы