Мұнайшылар күні өз деңгейінде атап өтілген жоқ – Әлихан Байменов

14 Қыркүйек 2023, 12:17
800
Бөлісу:
Мұнайшылар күні өз деңгейінде атап өтілген жоқ – Әлихан Байменов
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Әлихан Байменов Астанада өтіп жатқан HR форумда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің және HR қауымдастығының жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Байменов адам ресурстарының жалпы мемлекет үшін, ел мәдениеті үшін атқаратын рөлі ерекше екені айтылғанымен, оның мемлекеттік саясатта толық көрініс таппай отырғанына тоқталды.

Еңбек күні қай күн екенін, оны атап өту үшін қандай дайындық жүріп жатқанын бірен-саран адам ғана біледі. Таяуда кеншілердің және мұнайшылардың күндері өтті. Сол күндер, үлкен ақпараттық тұрғыда, олардың экономикадағы рөліне сай аталып өтті ме? Бұл мамандықтардың тарихы, еліміз үшін маңыздылығы мен ерекшеліктері кең насихатталды ма? Ойландыратын жайт, – деді Байменов.

Ол сондай-ақ елімізде бірінші басшылар деңгейінде HR рөлін түсінудің жетіспеушілігі барын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолдауымен ұйымдастырған «HUMAN CAPITAL FORUM-2023/ Интеграция жалғасуда» форумына Орталық Азия мен ТМД елдерінің танымал бизнес көшбасшылары, басқа елдердің сарапшылары мен HR мамандар қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы