Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 ақпанда "Арысқұм" кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.
3 ақпанда сағат 11:38 шамасында "Саутс Ойл" ЖШС қызметкерлері қайтыс болды, - делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте қайтыс болған.