Мұнай бағасы антирекорд орнатып жатыр

Әлемдік мұнай бағасы қарқынды түрде төмендеп жатыр, Brent маркалы мұнайдың құны 2021 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 66 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 Сәуір 2025 2025, 16:46
АВТОР
 pixabay.com 4 Сәуір 2025 2025, 16:46
4 Сәуір 2025 2025, 16:46
1038
Фото: pixabay.com

Әлемдік мұнай бағасы қарқынды түрде төмендеп барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Brent маркалы мұнайдың құны 2021 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 66 доллардан төмен түсті.

Лондондағы ICE биржасында маусымдық Brent мұнайының фьючерс бағасы 6,08 пайызға төмендеп, баррелі 65,87 доллар болды (Астана уақыты бойынша 15:58-ге дейін).

WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерс бағасы 6,39 пайызға төмендеп, 62,67 долларды құрады.

Наверх