Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аясында паралимпиадалық емес спорт түрлерінен жарыс өтті.
Паралимпиадалық емес спорт түрлері: дойбы «64» (көру қабілету нашар), дойбы «100» (көру қабілеті төмен), шахмат (тірек қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен), арбамен билеу (тірек қимыл аппараты зақымданған), каратэ (көру және тірек қимыл аппараты зақымданған).
Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ бәсекесі «Көрме» орталығында, каратэ жекпе-жектері жоғары спорт шеберлігі мектебінде, арбада билеу жарысы «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде өтті.
Спартакиадаға Қазақстанның 17 өңірінен келген 341 спортшы қатысты. Оның ішінде «Дойбы -100» бойынша – 35 спортшы, «Дойбы -64» бойынша - 47 спортшы, «Шахмат» бойынша – 84, «Тоғызқұмалақ» бойынша - 86, «Арбамен билеу» бойынша-74, «Каратэ» бойынша-15 спортшы.
Жалпы командалық орындар:
Дойбы «64» (көру қабілеті нашар спортшылар):
1-орын - Алматы қаласы
2-орын - Павлодар облысы
3-орын - Алматы облысы
Дойбы «100» (көру қабілеті төмен спортшылар):
1-орын - Алматы облысы
2-орын - Алматы қаласы
3-орын - Павлодар облысы
Шахмат (тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар):
1-орын - Алматы облысы
2-орын - Жамбыл облысы
3-орын - Атырау облысы
Шахмат (көру қабілеті төмен спортшылар):
1-орын - Алматы облысы
2-орын - Шығыс Қазақстан облысы
3-орын - Шымкент қаласы
Тоғызқұмалақ (тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар):
1-орын - Павлодар облысы
2-орын - Қызылорда облысы
3-орын - Алматы облысы
Тоғызқұмалақ (көру қабілеті төмен спортшылар):
1-орын - Жамбыл облысы
2-орын - Алматы облысы
3-орын - Павлодар облысы
Арбада билеу (тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар):
1-орын - Қостанай облысы
2-орын - Шымкент қаласы
3-орын - Нұр-Сұлтан қаласы
Каратэ (тірек қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар):
1-орын - Нұр-Сұлтан қаласы
2-орын - Атырау облысы
3-орын - Батыс Қазақстан облысы
3-орын - Қарағанды облысы.