Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық көлікте арнайы жеңілдіктер қарастыру керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі келтіретін мәселелерді көтеріп, заңнамаларға өзгерту енгізу қажеттілігін туындатып отырғанын айтты.
Депутат осыған қатысты Премьер-министрге сауал жолдады.
1. Еліміз бойынша бірдей 2-3 топтағы мүгедектер үшін де қоғамдық көлікте арнайы жеңілдіктер қарастыру. Кейбір қалаларда пайдаланылатын жеңілдікті электрондық жол жүру карталары бойынша қолда бар деректерді біріктіру арқылы Қазақстан бойынша бірыңғай көлік картасын енгізу (бірыңғай еуропалық карта мысалында).
2. Мүгедектігі бар жандарға арнайы бейімделген автокөліктерін шығару және мемлекеттің қолдауымен арнайы бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беру жолдарын қарастыру.
3. Барлық санаттағы мүгедектігі бар балаларға инватакси қызыметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.