Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сіздер білетіндеріңіздей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет 2022 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауы туралы ұсынысты жариялады. Президент әділ Қазақстанды құруға бағытталған түбегейлі және жан-жақты реформаларды іске асыру үшін халықтың сенімінің жаңа мандаты талап етілетінін түсіндірді. Шынында да биыл Қазақстанда 5 маусымда бүкілхалықтық референдумда Конституциямызға енгізілген түзетулерді қоса алғанда, елеулі өзгерістер орын алып жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, елімізде өзгерістер қарқынды орын алып жатыр.
Біздің еліміз жылдам өзгеріп жатқандықтан, азаматтарымыздың дауыс беруі арқылы ұлттың болашақ бағыты туралы өз пікірлері білдіруге мүмкіндігі болуы маңызды. Бұл 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда өткізілген жетінші президенттік сайлау болады. Бұл – еліміздегі демократиялық құндылықтардың дамуындағы тағы бір маңызды кезең. Сайлау – біздің дауыс берушілеріміздің Президент Тоқаевтың президент қызметіндегі сайлауға, Қазақстан халқының әділдікті қолдайтын-қолдамайтындығын көруге мүмкіндік береді. Сайлауға саяси көзқарастары бар 6 үміткер қатысады. Бәсекелес сайлауды өткізу үшін барлық жағдайлар қамтамасыз етілді, - деді Мұхтар Тілеуберді.