Мұхтар Мағауин Түркияға көшіп келді

Қазақстанның Халық жазушысы Түркияға қоныс аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Қыркүйек 2023 2023, 22:46
АВТОР
 Әлеуметтік желіден 25 Қыркүйек 2023 2023, 22:46
25 Қыркүйек 2023 2023, 22:46
4777
Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстанның Халық жазушысы Түркияға қоныс аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жазушы, журналист Қорғанбек Аманжолдың айтуынша, қазір Мұхтар Мағауин Түркияның Кемер қаласында тұрып жатыр.

Жаңалыққа қарай қалшы, ағайын,

Ақ теңізде шомылады Мағауин.

Түркияда келіп жетті Кемерге,

Қуаныштан жанға шуақ жағайын!

Жақсы жаңалықты сүйіншілеген Қуанышбек бауырым,

Желіге салған хатшысы Қорғанбек Аманжол деп біліңіздер...

Енді Мұхтар Мағауин ағатайым мұхиттың ар жағында емес, «Ассалаумағаләйкүміңіз» әп-сәтте жететін жақын жерде, жамағайын елде екеніне қуанып жүріңіздер, - деп жазды Қорғанбек Аманжол Facebook әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, соңғы жылдары жазушы Мұхтар Мағауин Америка Құрама Штаттарында өмір сүрді. Ал 2007 жылы ол Чехияға қоныс аударған болатын.

Наверх