Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі боксшы Мұхаммед Әлиді немересі қарсыласын алғашқы раундта-ақ сұлатып жығып, нокаутқа жіберді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Белгілі болғандай, спортшы қарсыласын бастан ұрған. Аты аңызға айналған боксшысының немересі америкалық боксер Нико Али Уолш осылайша, отандасы Алехандро Ибарруды нокаутпен жеңді.
Басынан қатты соққы алған қарсыласы жеңілісін мойындауға тура келді.
Уолштың жасы 21-де, кәсіби мәнсабында ол 5 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Төрт жекпе-жегі нокаутпен аяқталса, тағы біреуінде төрешілердің шешімімен жеңіпті.