Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе компаниясы жауапқа тартылды

Бүгiн, 11:42
197
Бөлісу:
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе компаниясы жауапқа тартылды
Фото: pixabay.com

2024 жылдың 3 қарашасында Санкт-Петербург–Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды.

Әуе компаниясы қызметкерлерімен мүгедек арбасының қажеттілігі туралы қате хабарламасы уақтылы қызмет көрсетпеудің себебі болды.

Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар жолаушының құқықтарының бұзылуы бойынша ықпал етті.

Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі).

Өзгелердің жаңалығы