Мұғалімді артық жұмысқа жеккендер енді 300 мың теңге айыппұл төлейді

27 Тамыз 2019, 16:25
3566
Бөлісу:
Мұғалімді артық жұмысқа жеккендер енді 300 мың теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктегендерге айыппұл салынатынын айтты.

«Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда, мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салу заң жобасында қарастырылған», - деді Асхат Аймағамбетов.

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК 2525 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы