Мұғалімдерге қанша теңгеге сыйлық беруге болады

Бөлісу:
Мұғалімдерге қанша теңгеге сыйлық беруге болады
Фото: pixabay.com

Наурыз мейрамдары жақындап келеді. Осы ретте қоғамда "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақ қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұғалімге гүл сыйлауға болады. Министрлік құны қанша теңгеден аспауы керегін түсіндірді.

Редакциямыз Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызынан осы мәселеге қатысты министрліктің ұстанымын білді.
Мұғалімге гүл сыйлау – заң бұзушылық болып саналмайды, егер оның құны 5 АЕК-тен, яғни 19 660 теңгеден аспаса және бұл сыйлық мұғалімнің қызметтік міндеттеріне байланысты қайтарымды әрекеттерді көздемесе, - деді Мереке Амангелдіқызы.

Десе де министрліктің ресми өкілі қымбат сыйлықтардан және ұжымдық ақша жинаудан аулақ болу маңызды екенін еске салды. Баспасөз хатшысы айтып өткендей, білім беру ұйымдарында кез келген түрдегі ақша жинау қатаң түрде тыйым салынған.

Бұған дейін Шымкент Білім басқармасы мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынғанын хабарлағанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы