Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Сапалы білім - сапалы адами капитал» атты бірлескен кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мектепке сапалы дайындықтан өткен маманның келуі өте маңызды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының педкадрларды даярлаудың білім беру бағдарламалары білім беру мазмұнының өзгеруін ескере отырып, құрылуы тиіс. Бұл жұмысты Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірге қолға алдық, - деді Бейсембаев.
Оның сөзінше, педагогтің үздіксіз кәсіби даму моделі әзірленді.
Мектеп мұғалімдеріне күрделі тақырыптармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек жасалады, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрі алқа отырысында.