Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің жалақысы жыл сайын 25 %-ға көбейетінін айтты, де хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы министр педагогтердің республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында көптен бері шешілмей келе жатқан түйткілді мәселелер өз шешімін тапты. Бұл жұмыстарды әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Бүгінгі тамыз конференциямыздың басты тақырыбы – «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» аты айтып тұрғандай өте маңызды құндылықтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы құндылықтарды дамыту бойынша бірнеше рет бізге және жастарымызға үндеу жасады. Сол себепті осы бір құндылықтар балабақша табалдырығынан бастап, мектеп пен оқу орындарда жалғасын тауып, жас ұрпақтың бойына сіңіуі керек. Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттерді біз барлық білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына енгізіп, әрі қарай дамытатын боламыз, - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, педагог мәртебесі туралы жұмыс Президент тапсырмасының шеңберінде жүргізілген және ол алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Биыл педагогтердің жалақысы біраз өсті. Ендігі жылы Президенттің тапсырмасымен тағы да 25 %-ға көбейеді. Көбіне бізге жалақы көбейеді дегенде мектепте мұғалімдердің ғана жалақысы жоғарылайтын сияқты көрінеді. Алайда 2019-2020 жылдан бастап мектеп мұғалімдерінің және балабақша тәрбиешілері мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ колледж ұстаздары мен білім саласына қосымша жұмыс істеп жатқан педагогтердің жалақысы жыл сайын артып отыратын болады, – деді Оқу-ағарту министрі.