Мұғалімдердің жалақысы 75%-ға өсті – БҒМ

27 Қаңтар 2022, 11:42
2056
Бөлісу:
Мұғалімдердің жалақысы 75%-ға өсті – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы кезінде бірінші вице-министр Шолпан Каринова мұғалімдердің жалақысы 75%-ға көтерілгенін айтты.

Ол мектепке дейінгі және орта білім деңгейіндегі басымдықтардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Біріншіден, мұғалімдер мен мектеп басшыларының, басқа да білім мекемелерінің сапалық құрамын арттыру. Екіншіден, барлық білім мекемесінің материалдық-техникалық базасын жақсарты. Үшіншіден, мектепке дейінгі деңгейде білім берудің жаңа моделін енгізу. Мектепке дейінгі, мектептегі мекемелерде бастысы сапаны арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту да басты назарда, - деп айтты Каринова.

Сонымен қатар дарынды балаларды қолдау және білім берудің қолжетімділігін, инклюзивтілігін қамтамасыз ету.

Тәрбие жұмысында құндылықтардың жүйесін енгізу мәселелері де назардан тыс қалмайды. Оқу сапасын арттырудағы ең басты мәселе – мұғалімдердің және басшылардың сапалық әлеуетін арттыру. Осы ретті бүгінгі күні мұғалімдердің жалақысы 75%-ға көтерілді. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша алдағы 4 жылда 100%-ға көтеру қойылған болатын. Мұғалімдер 30%-дан 50%-ға дейінгі еңбекақыларына үстемақы алады, - деп түсіндірді вице-министр алқа отырыста.

Одан бөлек, мектеп басшылары, олардың орынбасарларының да еңбекақысы көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы