Мұғалімдердің айлығы неге кешікті? – министр жауабы

Бүгiн, 14:25
710
Бөлісу:
Мұғалімдердің айлығы неге кешікті? – министр жауабы
Фото: Артём Чурсинов - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев неге кейбір аудан мен ауылдарда мұғалімдердің жалақысы кеш түскенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айлық мүлде кешікпеу керек. Бүкіл білім мекемелерінде айдың 5-нен әрі кетсе 10-ны аралығында жалақы берілуге тиіс. Жалпы республика бойынша кешіктіріліп айлық берілген жерлер бар. Дей тұрғанмен егер жекелеген аудан мен ауылдарда мұндай мәселе болса, әр өңірде министрліктің департамент қызметкерлері бар. Олар бұл жайтты қатаң бақылауда ұстайды. Егер кешігу жөнінде мәселе шықса, мұғалімдердің айлығын уақытылы қамтамасыз етуге пәрмен беріледі, - дейді Ғани Бектайұлы.

Өзгелердің жаңалығы