Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Жаңа оқу жылында ұстаздардың ревакцинациядан өтуі жалғасып жатыр.
Сондай-ақ Шолпан Каринова мектеп директораны ротациялау жалғасып жатқанын жеткізді.
Педагог мамандарды жұмысқа орналастырудың жаңа ережесі биыл бекітілді. Бүгінгі таңда ұстаздар осы ереже бойынша конкурстық негізде қызметке орналасып жатыр. Басты қойылатын талаптар – мұғалімнің білімі, еңбек өтілі, біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері және ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесі болады, - деді ол.