Мұғалімдер 2025 жылдан бастап аттестациядан қалай өтеді

Бөлісу:
Мұғалімдер 2025 жылдан бастап аттестациядан қалай өтеді
Фото: Артём Чурсинов -архив

Республикалық тамыз конференциясында Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімдердің аттестациядан өтуіне қатысты жүйені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұғалімдердің кәсіби өсуі - негізгі мәселелердің қатарында. Сондықтан аттестаттау ережелері де қайта қаралды. Талаптарға сай ол ережелер әлі де өзгереді. Қазір қолданыста 2 жүйе қатар пайдаланылып жүр. Оны өздеріңіз білесіздер, - деді Дүйсенова.

Премьер-министрдің орынбасары 2025 жылдан бастап 2018 жылы басталған жүйе толығымен іске қосылатынын айтты.

Келесі жылдан мұғалімдердің сатылап кәсіби өсуін ынталандыратын 2018 жылдан бастау алған жүйе толығымен іске қосылады. Қазіргі таңда мұғалімдердің 80% сол жүйемен аттестатталып, санатын жоғарылатып еңбекақысын көбейтті. Ендігі кезекте бұл жүйені денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қолдау салаларында еңбек етіп жүрген педагогтерге де оны енгізу қажет, - деп айтты ол тамыз конференциясында.

Республикалық тамыз конференциясында Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова сүйінші жаңалық айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы