"Мұғалім үшін миллион теңге": Антикор пара беруге қатысты даулы істі тергеп жатыр

Кеше, 15:08
1068
Бөлісу:
"Мұғалім үшін миллион теңге": Антикор пара беруге қатысты даулы істі тергеп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда қаласының білім бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол өзінің туысын ведомстволық бағынысты ұйымның педагогы ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін қала тұрғынынан 1 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктеліп отыр.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол өзіне артық белгіленген норманың жалақысын негізсіз аудару арқылы 4,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарламасында.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты Балқаш ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаеваға және осы бөлімнің 8 есепшісіне қатысты үкім шығарды. Олар 129,6 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне артық жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Ақмолдаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Есепшілерге мемлекеттік қызметте 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы