Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты

Нұрқанат Атажан
14 Қараша 2025, 15:52
435
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Үлкен Алматы айналма жолына шығатын бөліктің маңында мопед пен жүк көлігі соқтығысып, арты қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша, мопед жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Жолдың бір бөлігінде ол жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының күші соншалықты қатты болғандықтан, мопед жүргізушісі ауыр жарақат алып, медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

BAQ.KZ редакциясы облыстық полиция департаментіне сұрау жолдады, ведомствода бұл факті бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы