Монополистердің меншігіндегі 26 компания мемлекетке қайтарылады

14 Желтоқсан 2022, 11:06
844
Бөлісу:
Монополистердің меншігіндегі 26 компания мемлекетке қайтарылады

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде экономиканы монополиядан арылту жөнінде арнайы комиссия құрылды және қазіргі таңда жұмыс істеп тұр.

Мүлік мемлекеттік меншікке сыйға тарту тәртібімен – бюджеттен қаржылық шығынсыз қабылданады. Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы тағы 26 компанияны мемлекеттік меншікке беру процесінде. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады, - деп мәлімдеді ведомства басшысы.

Өзгелердің жаңалығы