Мониторингтік топтар 1640-тан астам дәріханаға тексеріс жүргізді

10 Қараша 2020, 11:40
1486
Бөлісу:
Мониторингтік топтар 1640-тан астам дәріханаға тексеріс жүргізді
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының «дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу» тапсырмасын орындау мақсатында  дәрілік затардың бағасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда мониторингтік топтар құрылды. Олардың құрамына біздің комитеттің аймақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы құқық қорғау органдары енгізілді. Мониторингтік топтармен 1640-тан астам дәріхана қамтылып, шекті бағадан асырылып сатылған дәрілік заттардың 199 түрі анықталды. Көрсетілген кезеңде 174 млн теңге көлеміне шекті бағаның артуының 876 фактісі 39,4 млн теңге сомасына дәрілік заттардың заңсыз өткізудің 347 фактісі анықталды. Сонымен қатар, 1223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн-нан аса айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 млн-нан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алынды, - деді ол.
 

Нұрлыбек Асылбеков жазғы карантин кезінде азаматтар рецепт жазып, дәрі алу проблемасына тап болғанына да тоқталды.
 

Емханалардың қашықтан жұмыс істемеуіне және тағы басқа мәселелерге байланысты осындай проблема туындаған болатын. Осыны ескере отырып, министрлік тарапынан рецепттерді жазып беру және есепке алу қағидаларын жаңадан бекітіп, жаңа қосымшалар енгізді. Ол 7 қарашадан бастап күшіне енді, - деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы